Пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 15 наурызы мен 24 наурызы арасында «Пробация» жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі аталған ауданның учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, олардың өмір салты мен мінез-құлқы туралы туыстарымен пікір алысты.
Алдын алу шарасы кезінде жаза өтеу тәртібін бұзған сотталғандар да анықталып, оларға жазбаша түрде ескерту жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тексеру барысында олардың туысқандарымен де сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларына және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеулері туралы әңгімелесіп, сотталғандардың тіркелген мекенжайы мен нақты тұратын жерлері, кіммен бірге тұратындары және сотталған адамның қандай қаражатқа өмір сүретіні, қайда жұмыс істейтіні, егер жұмыс істемесе не себептен істемейтіні тексерілді.