Алматы қаласы Әуезов аудандық пробация қызметі Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, пробация қызметінің нәтижесін арттыру бағытын талқылаған жиналыс өткізді. Жиналысқа Әуезов ауданы Пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандар шақырылып, оларға тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде уақытша тіркеуге тұру және уақытша тіркеу қағаздарын пробация қызметіне тапсыру қажеттілігі түсіндірілді.