
15 жастағы жасөспірім қызға қатысты, ұрлық жасағаны үшін сотқа дейінгі пробация жүргізілуде. Қыздың өзі түсіндіргендей «ұялы телефон ұрлаған». Енді кәмелетке толмаған қыз әкесімен бірге пробация қызметінің инспекторына әлеуметтік-тұрмыстық сипаттамаларды және барлық ілеспе іс-шараларды анықтау үшін баруда. Барлық деректердің негізінде сотқа дейінгі баяндама толтырылып, ол да сот отырысы кезінде ескеріледі.
Сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы. Кәмелетке толмағандар, мүгедектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, жүкті және үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдер; сондай-ақ алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ер адамдар және үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырғандарға қатысты қолданылады.