Көрсетілген көмек

Көрсетілген көмек

Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған азамат Александр, Алматы облысы Қарасай аудандық сотымен ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, осы уақытқа пробациялық бақылау белгіленді.

Есепке қою кезінде Александрдың асырауында баласы және жүкті әйелі болған. Пробация қызметі Алматы қаласының еріктілерімен бірлесіп Александрға көмек көрсетті, атап айтқанда уақытша тұруға арналған пәтер алынды, өйткені отбасының жеке баспанасы болған жоқ. Александрдың жас отбасына азық-түлік, балалар тағамы, балалар киімі және памперстер табыс етілді.

Қазіргі уақытта сотталған Александр Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізуші – курьер ретінде жұмысқа орналастырылды және өз отбасын өзі асырайды.