1 наурыз – “Алғыс айту күні”

1 наурыз – “Алғыс айту күні”

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  ЛА-155/6 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер  арасында  1-наурыз «Алғыс айту күні» аталып өтті. Аталған іс шараға мекемедегі жазасын өтеуші - өзге ұлт өкілдері өз алғыстарын, ізгі ниеттерін өлең шумақтарымен жеткізді. Жасақ бастықтары Қазақстанда тұратын көп ұлттар туралы слайд көрсетті.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір- біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде аталып өтетіні айтылды.

Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыру туралы видео ролик көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.