
Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЛА- 155/6 мекемесінде 52 сотталған ұсталады. Мекемеде 6 орынға арналған медико-санитарлық бөлім және туберкулез ауруына арналған оқшаул ау орны бар.
Медицина бөлімінің қызметкерлері мекемеге келіп түскен сотталғандарға тұрақты негізде медициналық көмек көрсетіп, сонымен қатар жылына 4 рет жоспарлы түрде сотталғандарды профилактикалық тексеруден өткізіп отырады.
Жуырда ЛА- 155/6 мекемесінің сотталғандарына Алматы қаласы №5 қалалық емханасының арнайы мамандарымен және мекеме дәрігерлерімен бірлесе отырып профилактикалық тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 12 сотталған диспансерлік есепке алынды.
Дәрігерлер анықтаған созылмалы аурулары бар сотталғандарға ем тағайындалды және оларды медицина бөлімінің қызметкерлері қатаң қадағалауда. Қажет болған жағдайда Алматы қаласындағы арнайы маман дәрігерлерінің кеңесін алады.