Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/6 мекемесінде жазалы жасөспірімдер арасында «XX ғасырдың Гомері» атанған ақын, жыр дүлдүлі, Жыр алыбы-Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекесіне арналған, әдеби-кеш өткізілді. Әдеби-кеш онлайн түрде Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Әдеби - кештің мақсаты: ақынның өлеңдерін насихаттап, ұлттық құндылыққа баулу, адамгершілікке, ұлтжандылыққа кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Жазасын өтеуші жасөспірім сотталғандар – Жамбылдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа «Халық-менің шын атым», «Қайта келген жастық шақ», «Алғадай туралы», «Ленинградттық өренім», «Балаларға» т.б өлеңдерін екі тілде оқыды.
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан өнері - оның айтыстары. Осы кештің көркін келтірген сотталған Абдулла ақынның өмірін, шығармашылығын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа айтып берді.
Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана қызметкерлерінің дайындаған слайдын көрумен аяқталды.
Өтетін барлық іс-шараларға белсене араласып, өз тараптарынан көмек көрсетіп отыратын Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапхана ұжымына мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы А. Бәзілбаева мекеме бастығының атынан зор алғысын білдірді.