Сотталғандар «Алель-Агро» акционерлік қоғамынан сыйлықтар алды

Сотталғандар  «Алель-Агро»  акционерлік қоғамынан  сыйлықтар алды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар мекемеден тыс жерде еңбек ете алады.

ЛА-155/13 түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды тек мекеме кәсіпорнында ғана емес, сондай-ақ ол орналасқан тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде мекемеден тыс жерлерде де еңбекке ұмтылуды қолдайды және жұмысқа орналастырады.

Сотталғанның ақылы жұмысы әр сотталушының өмірімен тығыз байланысты өте маңызды фактор болып табылады. Сотталғандар талап-арыз берешегін өтеу, сондай-ақ өзіне және өз отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ақы төленетін жұмыста жұмыс істейді.

«Алель-Агро» АҚ бройлер құс етін өндіру және сату жөніндегі қазақстандық ірі өндірістік компаниясымен 20 сотталған адамға еңбек шарттары жасалды, оларға ақша табуға мүмкіндік берілді, сондай-ақ түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін, «Алель-Агро» АҚ өз жұмыс орындарында қалуға мүмкіндік береді.

«Алель-Агро» акционерлік қоғамы кәсіпорнында жұмыс істейтін сотталғандарға ризашылықтарын білдіріп, жылы киімдерді тарту етті.