Ағымдағы жылдың 1-5 ақпан аралығында Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация қызметімен, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерін тарта отырып, "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты-шетелдіктерді анықтау, олардың болу мерзімін бұзу және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, олардың тарапынан жаңа әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау, Алмалы ауданының пробация қызметінде есепте тұрған шетелдік азаматтардың қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерін аулалық және пәтерлік аралау.
Алмалы ауданының пробация қызметінде 9 шетелдік азамат есепте тұр.
Мысалы, сотталған Ибрагим, 1995 жылы туған, Өзбекстан Республикасының азаматы, Алматы қаласында қоғамдық орында, спирттік ішімдіктерді ішіп, бейтаныс азаматтармен жанжалға түсті. Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін Ибрагим Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 03 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Жаза мерзімі аяқталғаннан кейін Ибрагим Қазақстан Республикасының шегінен шығарылады.