Сотқа дейінгі пробация - күдіктіге, айыпталушыға олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы.
Сотқа дейінгі пробация күдіктілер мен айыпталушылардың белгілі бір санатына қатысты оларды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде ерікті негізде жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі пробация күдіктілерге, айыпталушыларға:
1) кәмелетке толмағандарға;
2) мүгедектерге;
3) елу сегіз жастағы және ол жастан асқан; жүкті әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге;
4) алпыс үш жастағы және ол жастан асқан; үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге қатысты ерікті негізде қолданылады.
Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметі 2020 жылы сотқа дейінгі пробацияны 8 күдіктіге көрсетті. Оның ішінде: 7 кәмелетке толмаған, 1 үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйел. Мысалы, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша, атап айтқанда ойын приставкасын (SONY) ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған с.а. 2006 ж. т. күдіктіге қатысты. Оның өтініші қабылданғаннан кейін Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметінің қызметкері күдіктінің өмір сүру жағдайларын, әлеуметтік-демографиялық, психоәлеуметтік, криминологиялық сипаттамаларын, жеке басын және өзге де ерекшеліктерін толық зерделеп, сотқа дейінгі баяндама жасап, сот процесінде сөз сөйледі, онда судьяның шешімі бойынша айыпталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданылды, осылайша оған түзетуге мүмкіндік берді.