Бүгінгі таңда еліміздегі бизнесті дамыту мен қолдауға арналған «Жол картасы бизнес-2025» Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл бағдарламада көрсетілген игілікті шаралар бас бостандығынан айрылып, ҚАЖ мекемелерінен жазасын өтеп шыққандарды да назардан тыс қалдырып отырған жоқ.
Жақында ғана осы аталған Бағдарлама шараларын жүзеге асыру барысында Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушы Әсельге Алматы қаласының Кәсіпкерлік пен инвестиция Басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының қолдауымен қаржылай 2 000 000 теңге көлемінде көмек көрсету туралы келісімшарт тарту етілді.
Бизнесті қолдау бағдарламасы аясында осындай қомақты қаржыға қол жеткізген Әсель ендігі жерде еркіндікке шыққан соң да қоғамдағы әлеуметтік жағынан қамтылған азамат ретінде еркін өмірдегі адал еңбегінің жемісін көруге мол мүмкіндігінің бар екеніне ризашылығын білдіріп, қиын-қыстау кезеңде қол ұшын бергендерге алғысы шексіз.
Қорғалған бизнес – идеяның негізінде Әсель мүйізді ірі қара мал өсіру арқылы қышқыл сүт өнімін өндіру бойынша ісін бастады.