Алматы қаласы Медеу аудандық пробация қызметінің бақылауындағы Евгений еріктілер қатарында еселі еңбек етуде. «Мейірімділік Лигасы» жеке қайырымдылық қорында ерікті болып жүрген ол алкоголь мен есірткіге тәуелді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмектеседі.
«Мен өз бойымдағы жаман әдеттерімнің салдарынан сотты болдым. Ойлана келе өз өмірімді жақсы жаққа қарай өзгертуге шешім қабылдадым. Мұндай шешімге келуіме маған Медеу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері көп көмектесті. Олар менің құжаттарымды қалпына келтіріп, медициналық көмек алуыма, жұмысқа орналасуыма мүмкіндік тудырды. Пробация қызметкерлері біздің соттылығымыз бен өткен қателіктерімізге қарамастан, жақсы бастамаларға жетелейді. Соның арқасында адал еңбек етіп, дұрыс өмір сүруге құлшындым» - дейді сотталған Евгений.
«Мейірімділік лигасы» қайырымдылық қорында Евгенийден басқа да бұрын өздері қиын жағдайға тап болған адамдар жұмыс істейді.