Алматы қаласы Наурызбай ауданының пробация қызметі бөлімі №26 және №36 қалалық емханалардың психологтарын тарта отырып, есепте тұрған тұлғалар арасында "Эмоциялық шиеленісті, алаңдаушылықты, күйзелісті жою" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
"Бізде көптеген проблемалар бар. Олар толық демалуға және дұрыс демалуға, теріс ойлар мен эмоциялардан арылуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, ішкі үйлесімділік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін мұны үйрену өте маңызды. Қоршаған ортадағы стресстің себептерін іздемеңіз және ең жағымсыз жағдайлар туралы жаман ойламауға тырысыңыз. Өзіңізді оптимист болуға және барлық жерде жақсы жақтарды табуға үйретіңіз " - деп №26 қалалық емхананың психологы Марина Астаубаева тренингті осындай сөздермен бастады.
Эмоционалды стресті жеңілдетудің қарапайым жаттығулары мен әдістері ұсынылды. Сотталғандардың стресс деңгейін анықтау үшін бірнеше сауалнамалардан өтті, содан кейін оларға арт-әдіс ұсынылды.
Психологтар тренингтің әрбір қатысушысымен қосымша жеке консультациялар өткізді.