
Алматы қаласы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа кіруі, тұрғындар арасында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты мекемеде шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеуші мен қорғаушыға шығаруды қоспағанда (тергеушінің баянаты бойынша) сотталғандардың, күдіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шаралар шектелген. Қылмыстық процеске қатысушыларға, сотталғандарға заң көмегін көрсететін адвокаттарда қорғаныш костюмдері, респираторлық үлгідегі маскалар, резеңке қолғаптар болған және кемінде 2 метр қашықтық сақталған кезде ғана кездесулер жүзеге асырылатын болады.
Осы талаптарды сақтамаған жағдайда, мекемеге кіруге тыйым салынады.
Қоғамдық қорғаушылардың кездесулері мен сотталғандармен қысқа мерзімді кездесулері тоқтатылды.