
Пробация қызметінің негізгі міндеті - адамға қалыпты өмірге оралуға көмектесу.
Пробация қызметі бостандыққа шығуға дайындалып жатқан сотталғандар үшін өте қажет. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде біздің бұрынғы тұтқындарға босату туралы анықтама ғана беріледі. Мұндай құжатпен жайғасу өте қиын, мысалға тұрғын үй, жұмыс табу, өзін толыққанды адам сияқты сезіну. Осыған байланысты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты білім алуға, мамандықты игеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
Профилактикалық әңгімелесулер өткізу кезінде инспекторлар осы адамдардың жазасын өтеу шарттары туралы, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмек алу туралы құқықтарын барынша түсінікті түрде түсіндіреді. Жеке бағдарлама жасалғаннан кейін Медеу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандарды Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына ертіп барады, онда сотталғандарды жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркеп, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары көрсетіле отырып, бос жұмыс орындарын ұсынады.