Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, иықтарына погон тағып қызмет атқарып жүрген аруларды департамент бастығы, әділет полковнигі Рысбек Тургумбаев мерекемен құттықтады.
Өз сөзінде департамент басшысы нәзік жандылардың қызметтегі жауапкершілігі мен кәсібилігін атап өтіп, олардың атқарып жүрген еңбегіне алғыс білдірді.