Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде 2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде  2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде

2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды.

Жиынға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатысты. Ол өз сөзінде 2025 жылдағы қол жеткізілген көрсеткіштерді және өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты міндеттер белгіленді.

Отырыс барысында Департамент басшылығының, мекеме басшыларының, сондай-ақ аудандық және қалалық пробация қызметтері жетекшілерінің есептері тыңдалды.

Департамент бастығы, әділет полковнигі Рысбек Тұрғымбаев жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған негізгі мәселелермен таныстырып, қабылданған шешімдер мен талаптарды жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті және бұл бағыттардың ішкі істер органдарының алдағы қызметіндегі маңызды басымдықтарға айналатынын хабарлады.

Жиын қорытындысы бойынша барлық құрылымдық бөлімшелерге, мекемелерге және пробация қызметтеріне анықталған кемшіліктерді жоюға, жұмыстың тиімділігін арттыруға және қойылған міндеттерді уақытылы орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.