GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кадр саясаты
Штабтық қызмет
19 октября 2026
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 2026 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы шығарылды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айындағы қызметтік жұмыстың қорытындысына арналған жедел кеңес өтті.

Кеңеске Департамент бастығы, әділет полковнигі Ш. Есенкелдиев, Ұлттық ұланның № 6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Е. Б. Ипатов, «Еңбек-Жайық» РМК директоры А. М. Мирзабадалов, ардагерлер қоғамының төрағасы С. А. Баймагамбетов, Департамент бастығының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, № 8, 9, 70 мекемелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдер мен қызметтердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында қызметтік жұмыстың қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалды. Мекемелерде белгіленген режим талаптарын қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құраммен жүргізілетін жұмысқа және тыйым салынған заттардың мекемелерге түсуіне жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және қызметтік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Кадр саясаты
29 сентября 2026
Ақтөбеде ҚАЖД жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің қатысуымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды

Кездесу барысында жас қызметкерлер ҚАЖД музейіне барып, қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихымен, сала ардагерлерінің еңбегімен және қызметтік жолда жинақталған мол тәжірибемен танысты.

Музейде сақталған тарихи жәдігерлер жас мамандарға қылмыстық-атқару жүйесінің өткені мен бүгінін сабақтастыра отырып, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен атқарудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Тәлімгерлер жас қызметкерлерге кәсіби шеберлікті жетілдіру, қызметтік тәртіпті сақтау, заң талаптарын қатаң орындау және ұжымдық дәстүрді жалғастыру бағытында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Тағылымды кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау, әріптестік қарым-қатынасты нығайту және жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше мән берілді.

Мұндай кездесулер жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына ықпал етіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызметтік дәстүрлерді дәріптеуге және «Заң мен тәртіп» қағидатын қызмет барысында берік ұстануға бағытталған.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру
29 сентября 2026
№8 мекеме кәсіпкерлерге есігін ашты

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №8 мекеме базасында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдеріне арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шара барысында жаңа өндірістер ашу және сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі таңда мекемеде 22 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар былғары бұйымдарын, брусчатка, жылу қаптамаларын, резеңке бұйымдарын, балық өнімдерін өндіру, сондай-ақ ателье қызметі сияқты түрлі бағыттарда жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс орындарының саны 10-ға артқан.

Кәсіпкерлер мекеменің өндірістік аймағымен, қолданыстағы инфрақұрылымымен, сондай-ақ өндірістік нысандарды орналастыруға болатын жаңа ангарлық және модульдік ғимараттармен танысты. Өндірістік базаны дамыту аясында жаңа өндірістік цех пен саңырауқұлақ өсіруге арналған жылыжай да іске қосылды. Қатысушыларға өндірістерді орналастыру шарттары, мекемемен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері және жаңа жобаларды жүзеге асыру перспективалары таныстырылды.

Кездесу барысында сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Ресми жұмыс сотталғандарға кәсіби дағдылар мен еңбек тәжірибесін меңгеруге, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың босатылғаннан кейін жұмысқа орналасуы мен қоғамға бейімделуіне негіз бола алады.

Шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша жұмыс жалғасын табады. Негізгі мақсат — мекеменің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру және сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру.

Өткізілген «Ашық есік күні» ҚАЖ өкілдері мен бизнес субъектілері арасында сындарлы диалог орнатуға, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.

Кадр саясаты
29 сентября 2026
Ақтөбеде пробация қызметі қызметкерлеріне арналған ақпараттық кездесу өтті

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қызметкерлеріне ақпараттық платформамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған оқыту ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға ақпараттық платформаның негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оның функционалдық құралдарын пайдалану тәртібі мен қызметтік жұмыста тиімді қолдану жолдары түсіндірілді.

Оқыту барысында қызметкерлер платформаның негізгі функцияларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Ақпараттық кездесу қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануға және қызметтік міндеттерді орындау сапасын арттыруға бағытталды.

Кадр саясаты
22 сентября 2026
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БЕЛСЕНДІ ОТБАСЫ!»

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында «Бақытты отбасы – белсенді отбасы!» атты отбасылық спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Спорттық шараға ҚАЖ департаментінің пробация қызметі бөлімінің, №70, №8 және №9 мекемелерінің қызметкерлері отбасыларымен бірге қатысып, спорттық сайыстарда өзара бақ сынасты.
Эстафетаның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық бірлікті арттыру.
Жарыс барысында қатысушылар «Доппен жүгір», «Бірлігіміз жарасқан», «Шарды түсірме», «Ұқыпты отбасы», «Қапшықтағы көңілді жарыс» секілді қызықты эстафеталардан өтіп, шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Жарыстың әділ әрі талапқа сай өтуін ҚАЖ ардагерлері Макаров Н.Ж. және Аяпов Талғат Серикович қазылар алқасы ретінде қамтамасыз етті.
Сайыс қорытындысы бойынша отбасылар бірнеше арнайы номинациялармен марапатталды:
🏆 «Спорттық отбасы» – белсенділігі мен ұйымшылдығы үшін.
🥇 «Ең епті отбасы» – ептілік пен шапшаңдық танытқаны үшін.
🥈 «Ең ұйымшыл отбасы» – бірлігі мен татулығы үшін.
🥉 «Жеңіске деген жігері үшін» – қайсарлығы мен табандылығы үшін.
Отбасылық эстафета қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайта түсті.
Мұндай спорттық шаралар – отбасы құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың және қызметкерлердің отбасымен бірге белсенді демалысын ұйымдастырудың маңызды бағыты.
«Бақытты отбасы – белсенді отбасы!»

Кадр саясаты
22 сентября 2026
«Шектеусіз оқу» іс-шарасы өткізілді

2026 жылдың III тоқсанында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 мекемесінде «Шекарасыз оқу» жобасы аясында жазасын өтеуші сотталғандар арасында «Шектеусіз оқу» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері, №9 мекеме бастығының орынбасарының міндетін атқарушы әділет майоры А.А. Тулеулов және САӘПТЖ бөлімінің жасақ бастығы А. Баймагамбетов қатысты.

Іс-шара барысында сотталғандарға кітап оқудың маңызы түсіндіріліп, кітапхана қорындағы әдеби шығармалар таныстырылды. Қатысушылар өздеріне қызықты кітаптарды таңдап, оқу арқылы білімін жетілдіруге және бос уақытын тиімді пайдалануға шақырылды.

Кадр саясаты
22 сентября 2026
ҚАЖ қызметкерлері арасында атыс даярлығы бойынша жыл сайынғы қорытынды емтихан өткізілді

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында 2026 жылға арналған атыс даярлығы бойынша жыл сайынғы қорытынды емтихан өткізілді.

Сынақтың негізгі мақсаты — қызметкерлердің атыс даярлығы деңгейін, қаруды қауіпсіз әрі дұрыс қолдану дағдыларын, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында жедел әрекет ету қабілетін бағалау.

Емтихан барысында қызметкерлер Макаров тапаншасынан ату бойынша жаттығулар орындады. Қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және нысанаға дәл тигізуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қаруды қабылдау және атысқа дайындау, оны қолдану, сондай-ақ жаттығуды орындағаннан кейін қауіпсіздік шараларын сақтау дағдылары тексерілді.

Атыс даярлығы — қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби даярлығының негізгі бағыттарының бірі. Қорытынды сынақ қызметкерлердің практикалық дағдыларын және қызметтік міндеттерді орындауға дайындығының деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Қызметтік даярлықты жүйелі түрде жетілдіру — жоғары кәсібиліктің және қойылған міндеттерді сапалы орындаудың маңызды құрамдас бөлігі.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру
09 сентября 2026
«Рамазан құс» ЖШС базасында жазасын өтеушілері еңбек ететін және тұратын жаңа өндірістік учаскенің ашылуы өтті

2 қыркүйек 2026 жылы «Рамазан құс» ЖШС базасында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің жазасын өтеушілері еңбек ететін және тұратын жаңа өндірістік учаскенің салтанатты ашылуы өтті.

Мемлекет басшысы сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру бойынша маңызды міндет қойды. Осы бағытта кәсіпкерлерді белсенді тарту және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту қажет.

Сотталғандар үшін еңбекпен қамтылудың маңызы тек жұмыспен қамтамасыз етумен шектелмейді. Еңбек – оларды әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі. Жұмыс істеу, кәсіби дағдыларды меңгеру, еңбек тәртібін сақтау және өз жұмысының нәтижесіне жауапкершілікпен қарау жазасын өтеушілерді бостандыққа шыққаннан кейінгі дербес өмірге дайындауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД басшылығы және «Рамазан құс» ЖШС өкілдері қатысты.

Жобаның ерекшелігі – сотталғандарға нақты өндірісте жұмыс істеумен қатар, арнайы жасалған жағдайда тұру мүмкіндігінің берілуінде. Жобаны іске асыруға «Рамазан құс» ЖШС елеулі қолдау көрсетіп, еңбек ету және тұру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.

Өзінің форматы бойынша жаңа өндірістік учаске қауіпсіздігі барынша төмен мекеме моделін дамытудағы маңызды қадам болды. Мұнда сотталғандар еркін өмірге біртіндеп бейімделіп, еңбек тәжірибесін жинақтап, кәсіби дағдыларын жетілдіреді және қоғамға оралуға қажетті жауапкершілік пен дербестік дағдыларын қалыптастырады.

Жоба сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және оларды босатылуға дайындауға бағытталған. Оның басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың қоғамға оралуын барынша бірқалыпты әрі саналы түрде қамтамасыз ету.

Кадр саясаты
Штабтық қызмет
Цифрландыру және байланыс
Пробациялық бақылау
24 августа 2026
Темір ауданында пробация қызметінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының жұмыс сапары пробация қызметін дамыту және оның қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

12 тамызда Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Алпысбаев Қанат Қуандыкович жұмыс сапарымен Темір ауданына барды.

Сапар барысында аудан әкімі Алмас Жақсылықұлымен кездесіп, тараптар қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметінің жұмысына қатысты өзекті мәселелерді және өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі — аудандық пробация қызметі бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Қызметкерлерге қолайлы әрі заманауи жұмыс жағдайларын жасау мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жаңа жиһаздар, компьютерлік техника және сейфтер берілді.

Материалдық-техникалық базаның жаңартылуы бөлім қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін заманауи жағдайда атқаруға мүмкіндік беріп, пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінде пробация қызметі қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі маңызды буын болып отыр. Оның қызметі белгіленген талаптардың сақталуын бақылаумен ғана шектелмей, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге, оларды қалыпты өмірге қайта оралтуға және қылмысты қайталап жасаудың алдын алуға бағытталған.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызы зор. Қызметкерлердің жұмыс істеуіне қажетті жағдайлардың жасалуы олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Темір ауданына жұмыс сапары мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы өзекті мәселелерді жедел шешіп қана қоймай, пробация қызметін жергілікті жерде одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Өз кезегінде, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықұлына және аудан әкімдігінің аппаратына көрсеткен қолдауы, пробация қызметін дамыту мәселелеріне назар аударғаны және қызметкерлердің тиісті жұмыс жағдайларын жасауға ықпал еткені үшін шынайы алғысын білдіреді.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауы мен сындарлы ведомствоаралық өзара іс-қимыл пробация қызметін одан әрі дамытуға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және пробациялық бақылауда тұрған азаматтармен жұмыстың сапасын жақсартуға үлесі зор.

Кадр саясаты
Штабтық қызмет
05 августа 2026
«Психологиялық тұрақтылық және деэскалация» тақырыбында тренинг өтті

Ұлттық тренерлерді даярлау бағдарламасы аясында алған білім мен тәжірибені тәжірибеде қолдану мақсатында жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің инсектор-полиграфологы әділет майоры Ш.Медетова мекеме және пробация қызметкерлерімен «Психологиялық тұрақтылық және деэскалация» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қызметкерлерге стрессті басқарудың тиімді тәсілдері, кәсіби күйіп кетудің алдын алу, эмоционалдық интеллектті дамыту, жанжалды жағдайларда деэскалация әдістері және қиын жағдайларда психологиялық тұрақтылықты сақтау жолдары түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің психологиялық әл-ауқатын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға ықпал ету.

Осындай тренингтер алдағы уақытта да жалғасып, қызметкерлердің психологиялық денсаулығын нығайтуға және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталатын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы