Қостанай Академиясына оқуға шақыру бойынша кездесу

Қостанай Академиясына оқуға шақыру бойынша кездесу

🔰2025-26 оқу жылына ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына қылмыстық-атқару жүйесінің мамандануы бойынша күндізгі оқуға (бакалавриат) кандидаттарды іріктеу мақсатында, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, №8 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе қалалық №24, №40 жалпы білім беретін орта мектептерінің 11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ІІМ-нің Жоғары оқу орнына қабылдау және оқыту шарттары мен тәртібі жан-жақты жеткізіліп, Академия туралы бейнеролик көрсетілді, брошюралар таратылды.

 

📌 Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 16 жасқа толған, орта және арнайы-орта білімі бар азаматтарды жоғары білім алуға шақырады.

Қосымша ақпарат қажет болса 

📱+7 708 278 43 15

☎️+7 7132 50 97 80 нөмерінен біле аласыздар!