
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 9 мекемесінде жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен бостандыққа шыққан 3 сотталғанды әлеуметтік қолдау үшін “Қақпа алдында кездесу “ шарасы ұйымдастырылды.
✅Ақтөбе облысының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы дәрігер эпидемиолог Динара Гайниновнамен кездесіп, кездесу барысында сотталғандарға АИТВ жұқпасын жұқтырудың алдын алу жұмыстары түсіндірілді.Ақтөбе қаласының Мансап орталығы филиалы бөлімінің маманы Аңсар Талғатұлымен іс-шарада бостандыққа шығып жатқан сотталғандармен кездесіп, олардың қоғамға бейімделіп кету үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен әлеуметтік көмек түрлері түсіндірілді.