
Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде қойдың ысталған құйрық майының ішіне тамақ үлдіріне (пищевая пленка) орап, мұқият жасырылған шағын ұялы телефонды және 2 сим картаны тәркіледі.
Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 34 жасар Е. В. есімді азаматша «қарақшылық» бабымен сотталған інісіне жеткізбек болған.
«Азаматша Е. В. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791, 795 баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.