Жеке құрамды басқару тактикасы мен іс-қимыл техникасы пысықталуда

Жеке құрамды басқару тактикасы мен іс-қимыл техникасы пысықталуда

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері департаменттің және оған ведомстволық бағынысты КА - 168/1, КА - 168/2, КА - 168/3 мекемелерінің жеке құрамымен арнайы - тактикалық дайындық бойынша практикалық оқу-жаттығулар өткізеді.

Оқу-жаттығу барысында жеке құраммен "жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу тактикасы, жеке құрамды басқару және іс-қимыл техникасы"пысықталады. Сонымен қатар, жеке қорғаныс және белсенді қорғаныс құралдарында саптық тәсілдер мен іс-қимылдарды үйренеді.

ҚР ІІМ бұйрығының талаптарын орындау мақсатында арнайы-тактикалық дайындық бойынша сабақтар жоспарға сәйкес мекеменің жеке құрамымен ай сайын өткізіледі.