
Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде бананның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және сим картасын тәркіледі.
Тыйым салынған заттарды 29 жасар У. И. есімді қала тұрғыны абақтыда «жалған кәсіппен айналысты» деген айып тағылған күдікті- айыпталушы танысына бананның ішіне жасырып, бермек болған.
«Азамат У. И. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791,795 баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.