Ақтөбеде қамаудан босаған 5 сотталғанға "Қақпа алдында кездесу" шарасы ұйымдастырылды

Ақтөбеде қамаудан босаған 5 сотталғанға "Қақпа алдында кездесу" шарасы ұйымдастырылды

Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесі жазасын өтеуші 5 сотталған үшін "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасын ұйымдастырды.

Аталған іс- шарада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында оларды жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайы бойынша әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілді. Көмек көрсету кезінде Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспектор- психологы әділет капитаны Н. Аубакирова және Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Г. Жұбаниязова, сондай- ақ, жұмыспен қамту орталығының жоғары деңгейдегі маманы Н. Болатұлы сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету тәртібін, сонымен қатар сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

Бұдан басқа, қамаудан босағандарға бағыт- бағдар беріп, әлеуметтік және моральдық қолдау көрсетуге арналған іс- шарада түзеу мекемесінен босап, пробация есебіне алынған азаматтарды толық тануға арналған сұхбаттасулар жүргізілді. Бұл орайда іс- шараға қатысушы әрбір қызметкер сотталғандармен жеке- жеке әңгімелесіп, олардың мекемеден босатылғаннан кейінгі өмірге тез бейімделулері үшін өз бағыттары бойынша кеңестер берді.

"Іс- шарада сондай- ақ, Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы сотталған азаматтарға бос жұмыс орындарының тізімін ұсынды және кез- келген уақытта бұл азаматтар орталыққа көмек сұрап жүгінген жағдайда, барынша көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді",- дейді *КА-169/2 түзеу мекемесінің сотталғандарды еңбекпен және тұрмыстық ұйымдастыру инспекторы әділет капитаны Тимур Ишмухамедов.