
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің нұсқаулығын орындау мақсатында, Алға аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың 100 пайызын тегін медициналық тексерістен өткізуде.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотталған 3 топтағы мүгедек азамат, сотталған Е., Алға аудандық пробация қызметінің есебіне биылғы жылдың шілде айында алынды. Осы уақыттан бастап, Пробация қызметкерлерінің қолдауымен сотталған азамат аудандық емханадан тегін медициналық тексерістен өтіп, оған кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және анықтау бойынша медициналық көмектер көрсетілді.