Ақтөбеде темір тордан босаған 4 сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін «қақпа алдында кездесті»

Ақтөбеде темір тордан босаған 4 сотталғанның қоғамға бейімделуі үшін «қақпа алдында кездесті»

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде қамаудан босаған сотталған азаматтардың қоғамға тез бейімделуі үшін алғашқы көмектерді көрсету мақсатында «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

«Әлеуметтік жобаның мақсаты – сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау, оларға әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмектер көрсету болып табылады»,- дейді КА-168/2 мекемесінің СЕжТО инспекторы Кәмшат Елтаева.

Жобаның аясында  іс-шараға қатысқан Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі және қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мекемеден босаған сотталған азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу,  оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректері, жұмыспен қамту, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарында есепке қою секілді т.б. толық мәліметтерді түсіндірді.

Айта кетейік, дәл осы күні аталған түзеу мекемесінен жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен 4 сотталған азамат бостандыққа шықса, олардың біреуі қоғамдық жұмыс бойынша жазасын Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробаця қызметі есебінде тұрып, өтейтін болады.