5 жылға сотталған Ақтөбе тұрғыны достарына теріс діни ағымды насихаттап келген

5 жылға сотталған Ақтөбе тұрғыны достарына теріс діни ағымды насихаттап келген

Жерлес достарына теріс діни ағымды насихаттап келген 31 жастағы ақтөбелік, жіберген қателігі үшін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын Сауд Арабиясының медициналық Ислам университетінде оқыған. Екі жыл бұрын 3 курс студенті туған қаласына жазғы демалысқа келіп, дөңгелек жөндеу ғимаратында діни сабақ жүргізуді сылтау етіп, достарына теріс діни ағымы жөнінде ашық түрде үгіт- насихат жүргізген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

 «Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы «Ақниет» қоғамдық қоры және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары, мешіт имамдары аталған сотталғанмен оңалтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов.