Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күніне орай «Геолог» мәдениет үйінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға департамент пен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ ҚАЖ ардагерлері мен зейнеткерлері қатысты.

Айта кету керек, биыл Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес алғаш рет аталып өтуде. Бұл – қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңыздылығын, қоғамдағы орны мен жауапкершілігін айқындай түсетін айтулы күн.

Салтанатты жиын барысында сала қызметкерлері мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі мен көпжылдық қызметі атап өтілді.

Іс-шара қызметтік борышын абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге көрсетілген зор құрметтің белгісіне айналды.