
2025 жылғы 20 қазан күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 мекемесінде жеке құрамның қысқы маусымдағы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық тексеріс өткізілді.
Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, киім үлгісінің талапқа сай болуы және қызметтік куәліктері тексерілді. Сонымен қатар, мекеме басшылығы тарапынан қызмет тәртібі мен сапалы қызмет атқарудың маңызы атап өтілді.
Іс-шараға мекеменің барлық жеке құрамы толық қатысып, киім үлгісін сақтау мен қызметтік тәртіпті нығайтуға ерекше назар аударылды.