Қасақана бұзақылық: бейнебақылау жүйесін жойған сотталғандар қатаң жазаға тартылды

Қасақана бұзақылық: бейнебақылау жүйесін жойған сотталғандар қатаң жазаға тартылды

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-нің №8 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінде қылмыстық жазаларын өтеушілер Ж. және Д. алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, қасақана жаза өтеудің белгіленген тәртібін, мекемедегі ұстау режимін бұзу мақсатында және қадағалаудан жалтару мақсатында, өздерінің іс-әрекеттері қоғамға қауіпті екендіктерін біле тұра, тікелей қылмыстық ой-пиғылдарымен мемлекетке материалдық зиян келтіретінін тілей отырып, қасақана түрде мекеме ғимаратына қондырылған 2 дана бейнебақылау жүйесін, оның компоненттерін қасақана жойып, бұзып, мемлекетке материалдық зиян келтірген.

Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен аталған деректер бойынша жинақталған іс-құжаттар негізінде және де мемлекеттік айыптаушының жазаны күшейту шарасы туралы ұстанымды позициясы сотта қолдау табылуына байланысты сотталған Ж. және сотталған Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне 16.05.2024 жылы еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде 428-1 бабының 3 бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танып, аталған сотталғандар тарапына жаза өтеу мерзімдері ұзартылып, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.
Атап айтқанда, Бұзақылық пен Адам өлтіру баптары бойынша сотталған Ж.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Тонау бабы бойынша сотталған Д.-ға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

Қорытындылай келе, мұндай бұзушылықтармен Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23 маусымдағы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңына сәйкес рақымшылық жасауға сотталғандар ұсынылмайтынын атап өткен жөн.