Қаруды шашып-жинау жарысы өтті

Қаруды шашып-жинау жарысы өтті

23 маусым – Полиция күніне орай Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті №9 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің жеке құрамы арасында Калашников автоматын уақытқа шашып-жинау бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің қарумен жұмыс істеудегі кәсіби дағдыларын жетілдіру, шапшаңдық пен дәлдікке баулу, сондай-ақ мерекелік рухты арттыру болды.

Жарысқа түрлі бөлімдерден қызметкерлер қатысып, өзара бақ сынасты. Үздік нәтижелер төмендегідей анықталды:
• І орын – бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Б.Т. Жылқаман
• ІІ орын – арнайы есепке алу бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Б.А. Ағибаев
• ІІІ орын – бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Б.Б. Арынғазы

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме басшылығы тарапынан грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында салауатты бәсекелестік қалыптастырып, жауынгерлік дайындықты арттыруға оң әсерін тигізеді.