
2025 жылғы 27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға департамент бастығы мен мекемеге қарасты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жеке құрамы қатысты.
Салтанатты жиын барысында қызметінде жоғары тәртіп пен кәсіби жауапкершілік көрсеткен қызметкерлер ҚАЖ департаментінің, ҚАЖ комитетінің және Ішкі істер министрлігінің атынан алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге ведомстволық арнайы атақтар табысталды.
- Мерекелік шара аясында ҚАЖ саласының ардагерлеріне де ерекше құрмет көрсетілді. Қызметтік борышын абыроймен атқарған ардагерлерге алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қызметкерлер мен шақырылған қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр және тәрбие бөлімі бастығының м.а. әділет капитаны Юсупов Ардак Тургалиевич.