
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депаратменті (бұдан әрі – ҚАЖ департаменті) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер «Документолог» жүйесі арқылы үлгіге сәйкес, баянат және қалыптастырылған қызметтік тізімді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Жоспардан тыс аттестаттауға мына қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- ҚАЖ департаменті Орталық аппаратына C-SVО-6 санаты;
- ҚАЖ департаменті Орталық аппаратына C-SVО-4 санаты;
- Аудандық пробация қызметтеріне C-SVR-4 санаты;
- ҚАЖ мекемелеріне C-SGU-8 санаты;
- ҚАЖ мекемелеріне C-SGU-10 санаты;
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер жіберілмейді.
Сұрақтар туындаған жағдайда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне хабарласуға болады, анықтама телефондары 8 (7132) 56-40-01 электрондық мекенжайлар s.nurtazin@mvd.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесі