ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысының Қобда ауданында пробация есебіндегі сотталған жалғызбасты қарияға қолғабыс қылып жүр

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған 66 жастағы жалғызбасты көршісі қарияға жылдың төрт мезгілінде де күнделікті шаруасына: ауланы қардан тазалау, мал азығын беру, отын дайындау секілді тағы басқа тірліктерін атқаруға көмек беруді әдетке айналдырған.
 
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған бұл ісін жасы келген жалғызбасты қарияға деген азаматтық қамқорлығым деп түсіндіреді екен.
 
Ал, Қобда аудандық пробация қызметкерлері болса, жалпы аталған пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен жыл бойына волонтерлік іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып келетінін және волонтерлік сипаттағы қайырымдылық шараларының Пробация есебіне алынған сотталғандарды түзелу жолына түсірудегі маңызы зор екендігін айтады.
 
«Қазіргі таңда есепте тұрған бұл азаматтың тәртібі жақсы. Тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеруге барғанда, үнемі көрші қарияның тірлігіне көмек беріп жүргенін көреміз. 
Жалпы, пробация есебінде тұрған сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға араластыру – олардың түзелу жолына түсуіне және қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі. Яғни, істі болса да бұл азаматтар қоғамға өз үлестерін қоса алады және кез келген қайырымдылық шарасына қатысып, қоғамға белсене араласу мүмкіндігіне ие,- дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Айгерім Жаңбырбаева.
Дата публикации
18 февраля 2023
Дата обновления
18 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
08 октября 2026
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру
Хабарлама
29 июня 2026
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлама
Хабарлама
12 мая 2026
Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы