
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына сәйкес және Тәуелсіздік идеяларын іске асыру шеңберінде Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде "Өнегелі отбасы" іріктеу конкурсы өткізілді.
Іс-шараға Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің қызметкерлері мүше болып табылатын төрт отбасы қатысты.
"Өнегелі отбасы" байқауының мақсаты – қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін ілгерілету, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жаңа қазақстандық отбасы мәртебесін көтеру.
Қатысушыларды Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Жұмажанов Роллан Аукенұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметжанов Мұратқазы Нәбиұлы, №20 мекеме бастығы Мұхаметжанов Арслан Жұмабекұлы және ардагерлер кеңесінің хатшысы Жабагина Ботогоз Қайырғазықызы бағалады.
Байқау үш кезеңде өтті. Алдымен қатысушылар өздерінің отбасыларын таныстырып, өздерінің спорттық және шығармашылық жетістіктері туралы айтып, отбасылық фотосуреттерін көрсетті. Үшінші кезеңде қатысушылар өз отбасы туралы бейнематериал дайындап көрсетті.
"Өнегелі отбасы" негізгі Республикалық байқауына қатысуға жолдаманы және Абай облысы бойынша жеңісті № 20 мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Дархан Дулатұлы Досалимов жеңіп алды.
Іріктеу байқауын өткізгенге дейін біз қатысушыларды жауапты және өз жұмысын білетін қызметкерлері ретінде білдік, бүгін олардың қандай күйеулер мен ата-аналар екенін көрдік. Біздің жұмысымыздың күрделілігіне қарамастан, олардың отбасылары басқаларға үлгі болатынына өте қуаныштымыз, - деп бөлісті Абай облыс бойынша ҚАЖ департаментінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева.