Семейдегі қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде Ник Вуйчичтің ілімі бойынша сотталғандарға кинотерапия жүргізілді.

Семейдегі қауіпсіздігі барынша төмен  мекемеде Ник Вуйчичтің ілімі бойынша сотталғандарға кинотерапия жүргізілді.

            

           Терапияның мақсаты – адамның өмірлік мақсатын түсіну, қиын өмірлік жағдайларда дұрыс мінез-құлық және жеке позитивті «менді» қалыптастыру.

           Бұл қаһарман кездейсоқ таңдалған жоқ – ол тумасынан қол-аяғы жоқ физиологиялық ерекшелікпен дүниеге келген және өмірлік ұстанымының арқасында ешқашан мойымаған, әрқашан алға ұмтылған.

          Тренинг барысында сотталғандарға өмірбаяндық фильм көрсетіліп, одан кейін «Адамның құндылығы», «Дилт пирамидасы – мәселелерді шешу жолдары» тақырыптарында жаттығулар өткізілді.

          Бұл фильмді көргенде қол-аяғы жоқ туылған адамның толық тәуелсіз және толыққанды және бай өмір сүретінін көрдік, ол өз үлгісімен мүмкіндігі шектеулі болса да көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын және уақытты ысырап етудің қажеті жоқ екенін көрсетті – деп өз пікірімен бөлісті сотталған.

          Сотталғандардың өзін-өзі реттеу дағдылары сияқты бұл тақырып мұқият көзқарасты қажет етеді. Дұрыс сөздерді тауып, сабаққа дұрыс бағыт таңдап, ерекше атмосфера кұру керек. Кинотерапияға 17 сотталған қатысты. Сотталғандар тарапынан оң пікірлер айтылды. Бұл шара әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады,-деп хабарлайды мекеме психологы  Жулдыз  Ибрагимова.