Семей қаласының № 19 мекемесінде жыл сайын "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысу дәстүрге айналды.

Семей қаласының № 19 мекемесінде жыл сайын "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысу дәстүрге айналды.

          Ағымдағы жыл да ерекшелік болған жоқ. Мекеме атынан аз қамтылған отбасылардан шыққан сегіз балаға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. 

             Биыл мекеме қызметкерлері екі отбасына барды, біреуі өткен жылы үйлері өртеніп кетті, қазір олар қиын кезеңдерден өтіп жатыр, бес баланың арасында үшеуі мектеп оқушылары, отбасыда тұрақты табыстары жоқ. Екінші отбасында 2016 жылы анасы қайтыс болды, содан бері жалғыз әкелері үш баланы тәрбиелеп отыр, қыркүйек айында үлкен қызы бесінші сыныпқа барады, ал екі інісі үшіншіге барады.

            Отбасыларға кеңсе керек-жарақтары, ойыншықтар және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

           "Акцияның мақсаты, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға көмек көрсету болып табылады. Барлық оқушылар үшін толыққанды білім алу және білім алу үшін жағдай жасалуы тиіс", - деп атап өтті Тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы Динара Құсбаева.