
Абай облысының әйелдер колониясында жедел және тәртіп бөлімінің қызметкерлері сәлемдеме арқылы екі мың теңге сомасында сотталғанға қолма-қол ақша кіруі әрекетінің алдын алды.
Сәлемдемелер мен бандерольдарды тексеру барысында қызметкерлер шашқа арналған бояудың қорабының ішінен шыққан номиналы 1000 теңге болатын екі дана қолма-қол ақшаны тауып, тәркіледі.
Сотталушымен әңгімелесу кезінде оған сәлемдемені пошта арқылы жібергені белгілі болды. (Өскеменнің 36 жастағы таныс тұрғыны, осылайша оған қаржылық көмек көрсеткісі келген).
Қазіргі уақытта жөнелтушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды, - деп түсіндірді мекеменің тәртіп бөлімінің бастығы Балнұр Ахметханова.