Алғыс айту күнін Абай облысындағы ҚАЖ қызметкерлері атап өтті.

Алғыс айту күнін Абай облысындағы ҚАЖ қызметкерлері атап өтті.
          Семейде №20 мекеме қызметкерлері Алғыс айту күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
            Соңғы күндері қардың көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
            Мекеме қызметкерлері жұмыскерлерді қар тазалау жұмыстарына тартылған түскі аспен тамақтандырып, оларға шай мен қоса ыстық бауырсақ сыйлады. Жол қызметкерлері мекеме қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігі үшін алғыс білдірді.
             Мекеме ұжымы осындай игі және шынайы бастамалар болашақта өз жалғасын табатынына сенімді, өйткені Мейірімділік әлемді жақсы жаққа өзгерте алады, - деп хабарлайды мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.