Экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде өтті.

Экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде өтті.

         Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу өтті.

           Оған Дін мәселелерін зерттеу орталығы және Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

            Бұл жұмыс терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жоспарды орындау шеңберінде жүргізіледі.

             Орталықтың өкілі Ислам дінінің экстремизм және терроризмге қатысты мәселелесіне тоқталып, «экстремизм» және терроризм ұғымдарының Ислам дініне қатысты жоқтығын растайтын мұсылмандық діни дереккөздерден бірқатар мысалдар келтірді

           Жазаларын бас бостандығынан айыру мекемелерінде өткізген адамдарды қоғам жиі қабылдамайды. Ал біздің міндетіміз-оларды бағыттау және бейімдеу, босатылғанннан кейінгі өмірге дайындау,- деп, атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖД САТжӘПЖБ бастығы Зузра Токтамысова.