
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде әйел қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Алдағы мерекемен департамент пен облыс бойынша ҚАЖ мекемелерінің әйел қызметкерлерін департамент бастығы, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев құттықтап, қылмыстық-атқару жүйесінде әйелдердің ерекше рөлін атап өтті. Ол олардың кәсібилігіне, жоғары жауапкершілігіне және қызметіне адалдығына ерекше мән берді.
Салтанатты жағдайда бірқатар қызметкердің адал еңбегі жоғары бағаланып, оларға мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, медальдар, төсбелгілер, құрмет грамоталары және алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар Абай облысы ҚАЖ ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріліп, ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегі мен қызметке қосқан үлесі үшін алғыс хаттар тапсырылды.
Мерекелік іс-шара департамент мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама арқылы жалғасты. Шығармашылық нөмірлер мен музыкалық қойылымдар жылы атмосфера қалыптастырып, әйел қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты кездесу әйелдердің қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесін дәріптеп, олардың қызметтегі маңызды рөлін тағы бір мәрте көрсетті.