Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар пандемия кезінде 400 000 мың маска мен 642 дана қорғаныш киімдерін тікті

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар пандемия кезінде 400 000 мың маска мен 642 дана қорғаныш киімдерін тікті

Шығыс Қазақстанда сотталған азаматтар пандемия кезінде 400 мың маска мен 642 қорғаныш киімін тікті.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұқсас жаңалықтар Қазақстанда 7 мыңға жуық науқас коронавирустан емделіп жатыр Пневмониядан 103 адам емделді Қазақстанда 472 адам коронавирустан жазылды Елімізде 72 адам коронавирус жұқтырды Ведомство Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек-Өскемен» РМК нысандарында жұмыс істейтін сотталғандар пандемия кезінде полиция, медицина қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері және өз туыстарына маска және арнайы қорғаныш киімдерін тігіп, сол арқылы ортақ іске өз үлестерін қосқанын хабарлады.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД әйелдер колониясында жазасын өтеп жүрген бұрынғы дәрігер Дана Дидарова олардың осындай ауыр кезеңде көмегін тигізуге тырысып жүргендері туралы айтып берді.

«Қазіргі кезде біздің мекемеде тігін цехы өз штатын көбейтті. Бұл қорғаныш маскаларын тігу үшін мемлекеттік тапсырыстың орындалуына байланысты болып отыр. Бұл тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындап жүрміз. Мемлекет бізге сыйақы беріп, мекеме басшылығы грамота, марапаттарын берді. Мен біздің мекемемізді де #БІЗБІРГЕМІЗ акциясының қатысушысы деп санаймын», - деді Дана.

 

 «ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша, біздегі сотталғандар полиция, медицина қызметкерлерін және өз туыстарын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп отыр. Бұйым материалы гипоаллергенді, шаңнан қорғау қасиеті бар және инфекциялық ауруға шалдығу қаупін азайтады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді», - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Ерсайын Нуртазинов.