
"Табысқа қол жеткізгің келсе, кез келген істе тәжірибе жасау керек" деген ұранмен 2019 жылдан бастап ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті С. Аманжолова атындағы ШКМ Университетімен дуальды оқыту туралы келісім-шарт жасасты.
Дуальды оқытудың мақсаты білім алушылардың жоғары кәсіптік білім берудің "Психология" білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруі, сондай – ақ олардың пенитенциарлық психология саласында практикалық жұмыс дағдыларын меңгеруі болып табылады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында С. Аманжолова атындағы ШҚМУниверситетінің "психология" мамандығының 3 курс 10 студенті ОВ-156/22 мекемесіне (қауіпсіздігі барынша төмен мекеме) барып, практикалық сабақ өткізді.
Аға инспектор– психолог әділет капитаны В.А. Маардың басшылығымен студенттер сотталғандарды олардың психологиялық ерекшеліктерін ,мінез-құлқын анықтауға диагностикалық тексеру жүргізді, сондай-ақ сабақ барысында психологиялық қорытынды жасау бойынша ұсыныстар берілді. "Шеберлік тек тәжірибемен келеді, мұндай сабақтарды өткізу болашақ мамандардың қалыптасуына ықпал етеді", - дейді біздің мамандар.