ШҚО діни идеология бойынша семинар өткізілді

ШҚО діни идеология бойынша семинар өткізілді

Деструктивті діни идеологияның таратылу қаупін алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің діни сауаттылығы мен рухани адамгершілік деңгейін арттыру мақсатында, Дін істері басқармасының қызметкерлерімен, ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қабырғасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтанудың жолдары» атты семинар ұйымдастырды.
Дін істері басқармасының теолог маманы Қанапьянов Ернур «Деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтанудың жолдары» қызметкерлер арасында дәріс сабақтарын жүргізді.
Діни экстемизм мен терроризімнің таралуының бірден-бір себебі- діни сауаттылықтың аздығы, жат дін тарапынан психологиялық қысымның артуы.