Шығыс Қазақстан облысында колония қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен арғы аталарын еске алып, әуеге ақ шарлар ұшырды.

Семейде колония ұжымы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында ерекше түрдегііс-шара ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар осылайша өз өмірін қиып, біздер үшін бейбітшіліктің нұрлы аспанын жеңіп алған жандарға алғыс білдіруді жөн көрді.
Тал түсте қызметкерлер бейбітшілік көгершінінің бейнесіндегі, әрбірінің ішіне өздерінің аталары мен арғы аталарының есімдері жазылған қағаздары бар 77 символдық ақ шарды аспанға ұшырды.
Ұлы Отан соғысының ауыр күндерінен бері ондаған жылдар өтті, бірақ 9 мамырды мерекелеу қарсаңында біз еліміздің барлық қаһарманқорғаушыларына, бейбітшілік үшін, өмір үшін, Жеңіс үшін тағы да алғыс айтамыз.

-Соғыс жалмамай өткен бірде бір жанұя жоқ. Мереке қарсаңында біз, пенитенциарлық жүйе қызметкерлері аталарымыз бен арғы аталарымыздың бүгінгі өміріміз үшін төлеген бағасын ешқашан ұмытпауымыз керек. Біздің туыстарымыз да Ұлы Отан соғысына қатысты. Солардың бірі менің атам – Байгокшинов Калел болатын, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/14 мекемесі бастығының орынбасары Айдын Қалелов.

- Сондықтан, әуеге осы шарларды ұшыра отырып, мен оны есіме аламын. Сондай-ақ өзімнің арғы атам Жарылгасинов Кайсаны,ол да соғысқатысқан болатын, және Осы Жеңісті сыйлаған тағы басқа жандарды да еске аламын, - деп жалғастырды сөзін ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/14 мекемесі бастығының орынбасары Айдын Қалелов.