
ШҚО колониясына кешкі мектеп қызметкері блокнотқа Sim-картаны кіргізуге тырысты
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ОВ 156/3 мекемесінің тексеру қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың кіргізуге жол бермеді.
- Колонияның кешкі мектебінің қызметкері, сотталғандармен қызметтік байланысқа түспеу керек екенін біле тұра, тыйым салынған заттарды мекемеге кіргізуге тырысты. Ол блокнот парағына sim-картаны желімдеп, мектеп құжаттарымен бірге оны мекеме аумағына алып кірмекші болған, - деп хабарлайды ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Аталған факті бойынша материалдар оны жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілетін болады. Сонымен қатар, кешкі мектептің қызметкері жұмысынан айрылуы мүмкін.