
Семейде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық басталды.
Семей қаласындағы Ертіс өзені, қоршауына бар жоғы 500 метр ара қашықтықта орналасқан қатаң режимді колония қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларды бастап кетті. Мекеме аумағын су алып кету жағдайынан сақтап қалу мақсатында, қоршау маңындағы іргелес аумақтарын су ағатын науаларды қардан және мұздан тазарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу өте маңызды болып табылады. ОВ-156/14 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қажетті іс-шаралардың барлығын уақытылы орындап, енді Ертіс өзеніндегі су деңгейін жергілікті аймақтағы Гидрометорталықпен ақпарат алмасу арқылы бірлесе бақылауға алуда.
«Су басу қөаупі бар аумақтарға жатқандықтан қазіргі уақытта мекемеде нөсерлік және шаруашылық-тұрмыстық кәріздерге, дренаж жүйелеріне және су ағатын құбырларға толық тексеру жүргіздік, сондай-ақ, жеке құрамның селдер, су тасқыны және су тасқыны туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығы ұйымдастырылды. Сотталғандардың күшімен инертті материалдар, қап ыдыстар дайындалып, қолдан бөгеттер су тасқыны болатын объектілер маңайына тұрғызылды.»-дейді бөлім бастығы Олжас Шойбаков.
Еске сала кетейік, ШҚО бойынша ҚАЖД-не қарасты барлығы 3 мекеменің ғана территория аумағы су тасқыны қаупі бар жерде орналасқан.