ШҚО колонияларында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекция жүргізілді

ШҚО колонияларында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекция жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияларда санитарлық күн өткізіліп, жаппай зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияларда санитарлық күн өткізіліп, өңірдегі колонияларда, тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде қызметкерлер және сотталғандардың арасында аурудың таралуын болдырмау мақсатында мекемелердің барлық үй-жайлары дезинфекцияланды. Сотталғандар арасында да, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында да бетперде тағып жүру тәртібі күшейтілді. Сондай-ақ сотталғандар мен қызметкерлер қайта вакциналаудан (ревакцинация) өткізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ, мекемелердегі барлық үй-жайлар кварцтардың қосылуымен және арнайы құралдармен дезинфекцияланды.