
Семей колониясында өлеңдер оқу сайысы өтті
Семей қаласының ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сотталғандар арасында "Тәуелсіздікке тарту" атты өлеңдер байқауы өтті. Іс-шара басталғанға дейін сотталғандар тәуелсіз Қазақстанның тарихымен танысты.
– Осындай іс – шаралар сотталғандардың өз Отанына деген патриоттық сезімін және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін қалыптастырады, - деп атап өтті мекеме бастығы А.Нұрбеков.
Байқауға түрлі отрядтардан 10-ға жуық сотталғандар қатысты. Қатысушылардың өздері өлең жолдарын таңдады, ал кейбір сотталғандар Тәуелсіздік күніне арналған өз туындыларын жазды және алдағы конкурсқа мұқият дайындалды. Мекеменің қоғамдық өміріне және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу қамаудағылардың мінез-құлқына оң әсер етеді. "Тәуелсіздікке тарту" өлеңдер байқауына қатысушыларды мекеме әкімшілігі марапаттады.