ҚАЖ қызметкерлері қоғамға қарсы ұсақ әрекеттерге тосқауыл қойды.

ҚАЖ қызметкерлері қоғамға қарсы ұсақ әрекеттерге тосқауыл қойды.

ҚАЖ қызметкерлері қоғамға қарсы ұсақ әрекеттерге тосқауыл қойды.

ШҚО-да қатаң режимді колонияның жеке құрамы «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні» қарсаңында Тұңғыш Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында белгіленген тапсырмаларына қол жеткізу және оларды іске асыру мақсатында «Мүлдем  төзбеушілік  қағидаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырыс барысында қатысушылардың әрқайсысы өзі куәгер болған ең ұсақ құқықбұзушылық пен бұзақылық және мәдениетсіздік туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлыңы кем дегенде бір рет ұсақ құқықбұзулық: рұқсат етілмеген жерде темекі шегі, кәмелетке толмағандардың болуға тиісті емес жерлерде жүруі, ұсақ бұзақылық және тағы да с.с.

«Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы-қоғамдық тәтіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам. Қоғамның дамуы бар жерде тәртіп пен тиянақтылықтан басталады: жинақы подъезден, ұқыпты ауладан, таза көшелер мен мейірімді адамдар тәртіп пен Біз тұратын үй ауласы, подъезд лас болса, ол жерде тәртіпбұзып, темекі шегіп, арақ ішіп, қоқыс тастай берсе де, жазаланбауының мүмкін екендігін сезінетін тәртіпбұзушыға нақ осы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші әрбір азамат көз алдында болып жатқан құқықбұзушылыққа бей-жай қарамай, оған бөгет бола білсе, қоғамның тыныш болуының шарты да сол емес пе», - дейді ОВ 156/14 мекеме бастығы Самат Ахмеджанов.